22 қыркүйекте бірінші курс білім алушылары Нағимбек Нурмухаммедов атындағы Павлодар облыстық өнер мұражайында болды. Білім алушылар суретші, Суретшілер Одағының мүшесі Сисенгали Тиленбаевтың жеке көрмесімен танысты. Экспозицияда әр түрлі жанрдағы 60-қа жуық туынды ұсынылған: пейзаж, портрет, сюжеттік кескіндеме.