12 наурыз күні арнайы пән оқытушысы Қасымов Жәнібек Тоқтасынович 44 ДИ топ білім алушыларына «Майлы бояудағы портретті дақтан зерттеу» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Білім алушыларға беттің негізгі реңкін қалай дұрыс орнату және бетке жарықтандыруды қосу керектігі кезең-кезеңімен түсіндірілді.