Жаңалықтар

Көрісу күні



14 наурызда наурыз мейрамы қарсаңында Көрісу күні өтті. Бұл күні бір-біріне қонаққа барып, көктемнің келуімен құттықтаған. Ертеде негізінен көшпелі өмір салтын ұстанған қазақтар қыстың ұзаққа созылған қақаған суығынан кейін көрші ауылдарды аралап, барлығының қыстан аман-есен шыққанына көз жеткізіп, жағдайды біліп, дала жаңалықтарымен алмасады. Бұл қарсы алу күні – бауырмалдықтың, қарапайымдылықтың, қайырымдылықтың мерекесі.