Сәуірдің 7-сінен бастап 4-курс білім алушылары диплом алды тәжірибесін бастады. Диплом алды тәжірибе кәсіптік қызметте кәсіби дағдылар мен тәжірибе алу мақсатында жүргізіледі. Тәжірибелік оқу базалары – жеке жобалау бөлімдері бар және өндірістік процестермен, технологиялармен және материалдармен танысуға мүмкіндік беретін өндірістік және жобалау ұйымдарында өткізіледі.