Жаңалықтар

Дизайн онкүндігі



8 сәуірде Н.Нұрмұхамедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет мұражайында білім алушыларға арналған дизайн онкүндігі аясында белгілі павлодарлық суретші, кескіндемеші, график және сәнгер, дизайнер Галина Яковлевна Беспаловамен шығармашылық кездесу өтті. Суретші А.И. Цветаева туралы естеліктерімен бөлісті. Оған өміріндегі алғашқы бояуларды Мәскеуден әкелгені жайлы, шығармашылық өмірбаяны мен қызықты адамдармен кездесулері туралы айтып берді.