Жаңалықтар

Мұғалім күні



03 қазанда Студенттік парламент колледжде дәстүрлі өзін-өзі басқару күнін өткізді. Өзін-өзі басқару күні Мұғалімдер күніне орайластырылған және колледжде оқу сабақтары мен сыныптан тыс жұмыстарды төртінші курс білім алушылары жүргізген оқу күні болды. Колледждің барлық білім алушылары сол күні колледж директорының бұйрығымен бекітілген оқу сабақтарының кестесі бойынша оқыды. Бұл күнге дайындық пен оны өткізуге балалар үлкен жауапкершілікпен қарады.