26 қарашада төртінші курс білім алушылары Павлодар облысының жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырған Бос орындар жәрмеңкесіне қатысты. Бітіруші топтардың білім алушылары өз мамандықтары бойынша бос жұмыс орындарын көре алды. Бұл жастар үшін болашақ мамандығын тауып қана қоймай, жұмыспен қамту саласында маңызды байланыстар орнатуға тамаша мүмкіндік!