28 қарашада колледж білім алушылары арасында "Қазақстанның жетістіктері"тақырыбында зияткерлік ойын өткізілді. Іс-шара еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы негізгі жетістіктерін, сондай-ақ оның тарихи-мәдени құндылықтары мен әлеуметтік-экономикалық дамуын жан-жақты талдауға бағытталған. Ойын барысында қатысушылар Қазақстанның әлемдік аренадағы орны, сондай-ақ білім, ғылым, спорт және өнер саласындағы жетістіктері туралы өз пікірлерін білдіріп, түрлі фактілер мен материалдарды талқылады.