Жаңалықтар

"Заң және тәртіп"



«Заң және тәртіп» жобасы аясында 06 ақпан күні бірінші курс білім алушылары Н. Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейі ұйымдастырған дәрісті тыңдады. Шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Кезекті кездесуге Павлодар облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Асқар Сергазинов пен өңірлік Заң кеңесшілері палатасының заң кеңесшісі Алимбек Агибаев қонақ ретінде қатысты.