Жаңалықтар

«Сен және заң»



10 ақпан күні колледжде «Сен және заң» тақырыбында дебат өтті. Білім алушылар жастардың құқықтары мен міндеттері, өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік және әр адамның өміріндегі заңның рөлі сияқты маңызды мәселелерді талқылады. Дебатқа қатысушылар заңнаманы біліп қана қоймай, өз көзқарастарын сенімді дәлелдеу, қарсыластардың пікіріне құрметпен қарау және сындарлы қарым-қатынас орнату қабілеттерін көрсете білді.