Жаңалықтар

«Досыңа кітап сыйла»



Халықаралық кітап сыйлау күні қарсаңында 2026 жылдың 9-13 ақпан аралығында колледж білім алушылары арасында «Досыңа кітап сыйла» челленджі өтті. Бұл акцияның негізгі мақсаты — кітаптың құдіретін арттыру, жастарды кітап оқуға баулу және оқу мәдениетін насихаттау. Сонымен қатар, білім алушылар арасында бір-біріне кітап сыйлау дәстүрін жаңғырту, кітапхана қорына құнды еңбектер тапсыру және технологиялар заманында да кітаптың құнын жоғалтпайтын ерекше сыйлық екенін көрсету болып табылады.