13 ақпан күні екінші курс білім алушыларымен құқықтық сауаттылықты арттыру және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру бойынша ақпараттық науқан аясында әңгімелесу өткізілді. Іс-шара барысында білім алушыларға сталкинг түсінігі — тұрақты қоңыраулар, хабарламалар, аңду, қорқыту және психологиялық қысым көрсету арқылы көрініс табатын қауіпті қудалау нысаны екендігі түсіндірілді.