Жаңалықтар

Профилактикалық әңгімелесу



25 ақпан күні медицина қызметкері білім алушылармен профилактикалық әңгімелесу өткізді. Сабақтың мақсаты — білім алушылардың сағыз қолдануға деген саналы және дұрыс көзқарасын қалыптастыру. Әңгімелесу барысында білім алушылар сағыздың тіс саулығына және жалпы адам ағзасына тигізетін әсері туралы түсініктерін кеңейтті. Сағыздың пайдалы жақтарымен (мысалы, ауыз қуысын тазарту) қатар, оны дұрыс пайдаланбаған жағдайда келетін ықтимал зияны да қарастырылды.