26 ақпан күні үшінші курс білім алушылары құқықтық сауаттылықты арттыру және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру бойынша ақпараттық науқан аясында психолог Жанар Қарашашеваның қатысуымен өткен тренингке қатысты.Іс-шара ашық диалог форматында өтті: білім алушылар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, өмірлік жағдайларды талқылады және маманнан кәсіби кеңестер алды.