Жаңалықтар

Алғыс айту күні



26 ақпан күні колледжде Алғыс айту күніне орайластырылған іс-шара өтті. Бұл мереке елімізде тұратын барлық этностар арасындағы достықтың, қайырымдылық пен өзара құрметтің символы болып табылады. Іс-шара барысында білім алушылар Қазақстандағы этносаралық келісім мен өзара көмектің қалыптасуындағы тарихи сәттерді баяндайтын тақырыптық бейнеролик тамашалады. ХХ ғасырдың қиын-қыстау жылдарында миллиондаған адамға пана болып, достық пен өзара сыйластықтың негізін қалаған қазақ халқының рөліне ерекше назар аударылды.