02 наурыз күні колледжде «1 наурыз – Алғыс айту күні!» тақырыбында ақпараттық сағат өтті. Білім алушылар мерекенің шығу тарихымен танысты. Құрылған күні: Мереке 2016 жылы ҚР Тұңғыш Президентінің бастамасымен бекітілген болатын. Бұл — жер аудару және қуғын-сүргін жылдарында қазақ жерінің түрлі ұлт өкілдерінен құралған миллиондаған адамдарды қалай қабылдағаны туралы естелік күні. Қоныс аударғандар қазақ халқына мейірімділігі үшін алғыс айтса, еліміздің барлық азаматтары бір-біріне бейбітшілік пен келісім үшін ризашылық білдіреді.