Жаңалықтар

«Қасиетті Құрылтай: Елдің Ұлы Дәстүрі»



10 наурызда екінші курс білім алушылары «Қасиетті Құрылтай: Елдің Ұлы Дәстүрі» атты тарихи оқиғалардың реконструкциясын тамашалады. Шара қазақ руларының басын қосқан құрылтайға — үш жүздің (Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз) өкілдері жоңғар шапқыншылығына қарсы тұру үшін күш біріктіру туралы шешім қабылдаған тарихи сәтке арналды. Бұл іс-шара өскелең ұрпақтың бойында патриотизмді қалыптастыруға, тарихи тұлғалар мен халық дәстүрлеріне құрметпен қарауға тәрбиелейді, сондай-ақ Қазақстан тарихына деген қызығушылықты арттырады.