10 наурыз бен 12 наурыз аралығында колледжде «Жер сағаты» тақырыбында кураторлық сағаттар өтті. Негізгі мақсаты: білім алушылардың назарын климаттың өзгеруі және ресурстардың сарқылуы мәселелеріне аудару, экологиялық әдеттерді қалыптастыру. Акция 2007 жылы Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының бастамасымен басталған болатын.