Жаңалықтар

Шеберлік сыныбы



13 наурыз күні арнайы пәндер оқытушысы Касымов Жанибек Токтасынович «Майлы бояумен портреттік этюд салу: дақ әдісі» атты шеберлік сыныбын өткізді. Білім алушылар алла-прима техникасымен танысып, натураның тональді талдау принциптерін және алдын ала сызықтық суретсіз көлемді қалыптастыру тәсілдерін меңгерді. Сабақ қорытындысы бойынша әрбір қатысушы жарықтың сипаты мен модель пластикасын бейнелейтін қысқа мерзімді этюд орындады.