16 наурыз күні колледжде бірінші курс білім алушыларына арналған «ЖИ-ді қолдана отырып ою-өрнектер жасау» тақырыбында шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. Дәстүр мен нейрожелілердің (ЖИ) ұштасуы білім алушыларға ұлттық мұраның заманауи әрі технологиялық бола алатынын көрсетті. Білім алушылар тек сурет салып қана қоймай, нейрожеліге Наурыз мейрамына арналған тілектерді ою-өрнек арқылы «кодтау» тапсырмасын берді.