18 наурыз күні колледж білім алушылары «Ұлттық киім — ұлттық рух» атты ұлттық образдар челленджіне қатысты. Челлендждің мақсаттары мен міндеттері: ұлттық киімді мәдени кодтың символы ретінде дәріптеу, білім алушылардың мобилография және цифрлық технологиялар саласындағы шығармашылық дағдыларын дамыту, сондай-ақ жастар ортасында бірлік пен ұлттық рухты нығайту.