19 наурыз күні бірінші курс білім алушылары Наурыз мейрамын мерекелеу аясында «Болашақ энергиясы» атты экологиялық жобаларын таныстырды. Наурыз — табиғаттың жаңару мерекесі. Жобалар Қазақстанның ресурстарын болашақ ұрпақ үшін сақтап қалуға мүмкіндік беретін экологиялық таза шешімдерді іздеуге бағытталды. Жасыл технологияларды енгізуге және жасанды интеллектті (ЖИ) экологияда қолдануға ерекше назар аударылды.