Жаңалықтар

Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы!



20 наурыз күні колледжде «Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы!» атты іс-шара өткізілді. Мерекелік дастарқан жайылып, асық ату, арқан тартыс сияқты ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылды және салт-дәстүрлер көрсетілді. «Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы!» іс-шарасы білім алушылардың жоғары шығармашылық деңгейін және олардың ұлттық мәдениетті заманауи бағытта дамытуға деген дайындығын көрсетті.