26 наурыз күні арнайы пәндер оқытушысы Люфт Александра Николаевна «Акварельдегі шыны» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Білім алушылар «шыны» натурасының негізгі ерекшеліктерін талдап, жұмыс жалпыдан жалқыға қарай кезең-кезеңімен жүргізілді. Білім алушылар көпқабатты лессировка техникасын меңгеріп, мөлдір нысандардағы қара қоңыр дақтардан «қорықпауды» үйренді.