Жаңалықтар

Табиғатқа қамқорлық жасаймыз



31 наурыз күні колледж аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді. Аумақ қар мен мұздан тазартылып, өткен жылғы жапырақтар мен қоқыстардан арылтылды. Барлық қатысушылар қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтан өтіп, қажетті құрал-сайманмен қамтамасыз етілді. Мақсаты: аумақты абаттандыру және көктемгі маусымға дайындау.