30 наурыз бен 01 сәуір аралығында төртінші курс білім алушыларының сурет, кескіндеме және арнайы технологиялар пәндері бойынша қорытынды емтихандары өтті. Қорытынды емтихандық сессияның мақсаты — білім алушылардың білім мазмұнының белгіленген талаптарға нақты сәйкестігін анықтау: білімді игеру сапасы мен көлемі, сондай-ақ оны оқу, ғылыми және практикалық іс-әрекетте қолдана білу дағдысын тексеру. Төртінші курс білім алушылары шығармашылық жұмыстарды қарау барысында жоғары нәтижелер көрсетті.