06 сәуірден бастап төртінші курс білім алушыларының дипломалды практикасы басталды. Дизайнерлердің диплом алдындағы практикасы — оқудың қорытынды кезеңі. Бұл кезеңде білім алушылар бітіру дипломдық жобасы үшін материалдар жинайды және өздерінің жобалық идеяларын шынайы жағдайларда сынақтан өткізеді (апробациялайды).