17 сәуірде «Ertis» музейінде колледжіміздің 30 жылдығына арналған мерейтойлық көрменің ашылуы өтті. Іс-шара барысында қонақтар колледждің қалыптасу тарихымен танысып, студенттердің алғашқы шығармашылық эскиздерінен бастап, танымал түлектердің кәсіби туындыларына дейінгі экспозицияны тамашалады. Салтанатты бөлім аясында оқу орнының даму кезеңдері, оның білім беру бағыттары мен қол жеткізген жетістіктері атап өтілді.