20 сәуірде арнайы пәндер оқытушысы Кастенич Родион Миржанович «Құрғақ ине техникасы» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. Білім алушылар шеберлік сағатының барлық кезеңдерімен танысты: басып шығару кезіндегі айналық көріністі ескере отырып сызықтық суретті әзірлеу, пластинаның жиектерін тазалау және инемен штрих салу. Офорт станогінде басып шығару процесіне ерекше көңіл бөлінді.