Жаңалықтар

Ұлттық кітап күні



22 сәуірде Ұлттық кітап күні қарсаңында үшінші курс білім алушылары «Astana Eurasian Book Fair – 2026» IX Еуразиялық халықаралық кітап көрмесіне барды. Республикалық «Ұлттық кітап» байқауының аясында «Ұрпаққа аманат» кітабы басты марапатқа ие болды. Бұл іс-шара кітап индустриясының кәсіби мамандары мен мыңдаған оқырмандардың басын қосып, Орталық Азиядағы ең ірі мәдени алаңдардың біріне айналды.