Жаңалықтар

Мектеп оқушыларына ерте кәсіптік бағдар беру



23-24 сәуір аралығында колледжде мектеп оқушыларына ерте кәсіптік бағдар беру мақсатында конкурс ұйымдастырылды. Колледждің жоғары курс білім алушылары талапкерлерге арнап кескіндеме мен сурет негіздерін ойын түрінде таныстыратын сабақтар өткізді. Мектеп оқушылары үшін сурет және кескіндеме пәндері бойынша конкурстар өткізілді. Мұндай жарыстарға қатысу «Дизайн» бейіні бойынша негізгі мамандықтардың бірін таңдауда бағыт-бағдар алуға көмектеседі.