Мамыр айының 04-08 аралығында Павлодар көркемсурет колледжінде үшінші курс білім алушыларына арналған емтихан апталығы өтті. Келесі пәндер бойынша қаралымдар жүргізілді: кескіндеме, арнайы сурет, арнайы технологиялар, ал жобалау пәні бойынша курстық жобалар қорғалды. Білім алушылар арнайы пәндер бойынша білім, білік және практикалық дағдылардың жақсы деңгейін көрсетті.