Жаңалықтар

«Тура жол»



06 мамырда «Тура жол» жобасы аясында жастар арасындағы құқықтық мәселелер мен тәуелділіктің алдын алу бойынша түсіндірме кездесуі өтті. Кездесуді Павлодар қаласы Полиция басқармасы Солтүстік полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы, полиция майоры Б. М. Досымжанов жүргізді. Білім алушылармен ашық диалог құрылып, маңызды сұрақтарға жауаптар берілді.