Жаңалықтар

Өндірістік-шығармашылық практика



12 мамырдан бастап үшінші курс білім алушылары өндірістік-шығармашылық практикаға шықты. Практика болашақ дизайнерлерді оқыту мен даярлауда өте үлкен рөл атқарады. Жұмыс барысында білім алушылар арнайы пәндерді оқу кезінде алған білімдерін тереңдетіп, кеңейте алады. Олар көптеген жаңа ақпаратты біліп қана қоймай, сонымен бірге баға жетпес тәжірибе жинақтайды, бұл ретте тек дизайнерлік идеяларды жүзеге асыруда ғана емес, сонымен қатар командада жұмыс істей білуде де тәжірибе жиқтайды.