Жаңалықтар

Туған өлке ақындары



18 мамырда колледжде «Туған өлке ақындары» атты поэзия кеші өтті. Іс-шара білім алушылардың өлкетануға, аймақтың жергілікті тарихы мен әдеби мұрасына деген қызығушылығын арттыруға, эстетикалық талғам мен көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға, сондай-ақ әдебиет пен көркем шығармашылықты ұштастыру арқылы өнер саласындағы болашақ мамандардың өрісін кеңейтуге ықпал етті.