19 мамырда арнайы пәндер оқытушысы Асемгуль Саматовна Мухтарова «Фирмалық стиль элементтерін әзірлеу» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Білім алушылар айдентика ұғымымен, брендбуктың негізгі компоненттерімен және визуалды коммуникацияны құру кезеңдерімен танысты. Логотиптерді әзірлеу, фирмалық қаріптерді таңдау, түстер палитрасын қалыптастыру және паттерндерді құру ережелері қаралды. Қазақстандық және әлемдік дизайнның табысты заманауи кейстерін талдауға ерекше назар аударылды.