29 мамырда бірінші курс білім алушылары «Тәртіпті азамат – қоғам тірегі» атты тимбилдингке қатысты. Іс-шара практикалық форматта ұйымдастырылды. Білім алушылар тақырыптық станциялардан өтіп, заңгерлік викториналарға қатысты, әртүрлі өмірлік жағдайларды талдап, командалық тапсырмаларды орындады. Сонымен қатар, қатысушылар командалық жұмысты, өзара іс-қимылды және бірлесіп шешім қабылдауды іс жүзінде шыңдады.