Жаңалықтар

Денсаулық күні



10 қыркүйекте жалпыколледждік денсаулық күні өтті. Іс-шара салауатты өмір салтын насихаттау, білім алушылар ұжымдарын (әсіресе бірінші курс білім алушылары) ұйымшылдыққа баулу, сондай-ақ олардың колледждегі оқу үдерісіне бейімделуін жеңілдету мақсатында ұйымдастырылды. Бірінші курс білім алушыларына ерекше көңіл бөлінді: командалық ойындар мен шығармашылық байқаулар жаңадан келген білім алушылардың бір-бірімен жақын танысуына, топ ішіндегі достық қарым-қатынасты нығайтуына және жаңа студенттік ортаға тезірек бейімделуіне ықпал етті.