Жаңалықтар

Заң және Тәртіп



14 қыркүйекте колледж білім алушылары жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Жас Үміт» құқықтық мини-сериалының бейнероликтерін тамашалады. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың бос уақытын ұйымдастыру, әлеуметтік пайдалы қызметке тарту, сондай-ақ «Заң және Тәртіп» қағидаты мен «Жас Үміт» жобасын ілгерілету мақсатында Астана қаласының прокуратурасы құқықтық тақырыптағы мини-сериал форматында алдын алу медиажобасын іске асырды.