18 қыркүйекте төртінші курс білім алушылары «Ойынға емес, өмірге құмар бол» спорттық-профилактикалық фестиваліне қатысты. Іс-шараның басты тақырыбы — лудоманияның алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау болды. Бағдарламада спорттық белсенділік пен алдын алу жұмыстары өзара үйлесім тапты. Білім алушыларға құмар ойындар мен бәс тігуге тәуелділіктің зияны мен салдары туралы ақпарат қолжетімді әрі интерактивті форматта түсіндірілді.