21 қыркүйекте бірінші курс білім алушылары С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың «Айна» галереясында өткен Марина және Анастасия Цветаевалардың шығармашылығына арналған көрменің ашылуына барды. Білім алушылар әдебиет пен тарихтан шабыт алып, өздерінің визуалды интерпретациялары мен көркемдік бейнелерін ұсынған павлодарлық суретшілердің 45 бірегей жұмысымен таныса алды.