Сыбайлас жемқорлыққа қарсы



Call - центр:1424
https://www.instagram.com/anticorruption.kazakhstan/ https://www.youtube.com/channel/UC-ejISiuqKwZ3q3EM-qClqA

Жадынама бірінші кезекте төменде келтірілген:
- пара алуды масқаралық және ұятты қылмыс деп санайтын;
- алдаушылардың және алаяқтардың көмекшілері болғысы келмейтін кісілер;
- пара алушылардың қара одағы көбеймеуі үшін өзінің мезеттік мүдделерін шығуға дайын;
- өз елін ұрылардың және жемқорлардың озбырлығынан еркін көргісі келетін кісілердің барлығы үшін арналған.


«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық ресми түрде келесідей мазмұндалады: :
Сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк қызметтерді орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу.


Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық – бұл үшін заңда әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық белгіленген, сыбайлас жемқорлық белгілері бар құқыққа қайшы, кінәлі түрдегі іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік). Егер Сізге пара ұсынса немесе Сізден пара талап етсе! Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі параға байланысты қылмыстардың екі түрін қарастырады:
- пара алу (366-б.);
- пара беру (367-б.).
Бұл бір қылмыстың екі тараптары: егер әңгіме пара алу туралы болса, бұл пара алатын (пара алушы) және оны беретін (пара беруші) адамның бары екендігін білдіреді.


Пара алу – ең қауіпті лауазымдық қылмыстардың бірі, әсіресе егер ол тұлғалар тобымен жасалса немесе лауазымды тұлғамен, заңды не болмаса заңсыз әрекеттер (әрекетсіздіктер) үшін артықшылық пен пайда алуда жасалатын қорқытып алушылықпен сүйемелденеді.


Пара беру – лауазымды тұлғаны заңды немесе заңсыз әрекеттер (әрекетсіздіктер) жасауға, не болмаса берушінің пайдасына қаңдай да бір артықшылықтарды алуды, оның ішінде қызмет бойынша қамқорлық, не салғырттық ұсынуға бағытталған қылмыс.


Пара алу дегеніміз: Заттар – ақшалар, оның ішінде валюта, банк чектері және құнды қағаздар, гауһар металлдан және тастан бұйымдар, автокөліктер, азық-түлік өнімдері, бейнетехникалар, тұрмыстық аспаптар мен басқа тауарлар, пәтерлер, саяжайлар, қала сыртынан үйлер, гараждар, жер учаскілері және өзге де жылжымайтын мүліктер. Қызметтер мен пайдалар – емдеу, жөндеу және құрылыс жұмыстары, санаториялық және туристтік жолдамалар, шет елге жол жүру, ойын-сауықты төлеу және өзге де қайтарылмайтын немесе бағасы төмендетілген шығындар. Пара алудың бүркемеленген нысаны – қарызға немесе қолданыста жоқ қарызды төлеу ретінде банктік қарыз, төмендетілген баға бойынша сатып алынған тауарларды төлеу, көтерілген бағамен тауарларды сатып алу, пара алушыға, оның туыстарынан достарына еңбекақы төлемімен жалған еңбек келісім-шарттарын жасау, жеңілдік несие алу, дәрістер, мақалалар және кітаптар үшін қаламақыны арттыру, казинода «кездейсоқ» ұтып алу, жалға беру төлемін азайту, несие бойынша пайыз мөлшерлерін көбейту және тағы басқалар.
Пара алған үшін қылмыстық жауапкершілікке кім тартылуы мүмкін Пара алушы деп лауазымды адамды - мемлекеттік қызметтерді орындауға уәкілетті және оларға теңестірілген адам танылу мүмкін.
Жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адам – мемлекеттік қызметтерді және мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін тікелей орындау үшін Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және өзге де заңдарында белгіленген лауазымды атқаратын адам.


Параға сатып алу деген не? Коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқару қызметтерін орындайтын адамға ақшаны, бағалы қағаздарды немесе өзге мүлiкті заңсыз беру, сол сияқты оның өзінің қызмет бабын пайдаланғаны үшін, сондай-ақ параға сатып алуды жүзеге асыратын адамның мүдделерiне қызметi бойынша жалпы қамқорлығы немесе салғырттығы үшiн оған мүлiктiк сипаттағы қызметтерді заңсыз көрсету – Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде параға коммерциялық сатып алу деп аталады (253-бап). Пара алу және параға коммерциялық сатып алу үшін жаза қолдану Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде пара алу пара беруге қарағанда қоғамға қауіпі зор қылмыс ретінде қарастырылады.
Пара алу (366-бап): Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның не оған теңестiрiлген адамның немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның не лауазымды адамның, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамының пара берушiнiң немесе оның өкiлi болған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсiздiгi) үшiн, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) осы адамның қызметтiк өкiлеттiктеріне кiретін болса не ол лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсiздiкке) ықпал жасай алатын болса, сол сияқты жалпы қамқорлығы немесе жол берушілігі үшін өзіне немесе басқа адамдарға ақша, бағалы қағаздар, өзге мүлiк, мүлiкке құқық немесе мүлiк сипатындағы пайда түрiнде жеке өзi немесе делдал арқылы пара алуы - мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның елу еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Айтарлықтай мөлшерде жасалған дәл сол іс-әрекет, сол сияқты заңсыз әрекеттері (әрекетсiздiгi) үшiн пара алу – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның алпыс еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Егер қылмысты адамдар тобының алдын ала сөз байланысуымен қорқытып алу арқылы немесе iрi мөлшерде бірнеше рет жасалса – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жетпіс еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Егер оларды қылмыстық топ жасаса, сол сияқты аса ірі мөлшерде жасалса – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның сексен еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Пара беру (367-бап): Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға не оған теңестірілген адамға немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға не лауазымды адамға, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамына жеке өзіне немесе делдал арқылы пара беру – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жиырма еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Айтарлықтай мөлшерде жасалған дәл сол іс-әрекет - мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның отыз еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Егер қылмыс адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен немесе ірі мөлшерде, бірнеше рет жасалса – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның қырық еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Егер қылмыс аса ірі мөлшерде жасалса немесе оларды қылмыстық топ жасаса –мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның елу еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Делдал арқылы пара алу немесе параға сатып алу Кейбір жағдайларда пара делдал арқылы беріледі және алынады – бағынатын қызметкерлерден, жеке кәсіпкерлерден, делдал фирмалардың жұмыскерлерінен, қылмысқа себепшілер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексімен қарастырылған. Коммерциялық параға сатып алу делдалдар – бағынысты қызметкерлер, бизнес бойынша серіктестер, арнайы жалданған тұлғалар, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексімен қылмыстың көмекшісі ретінде қарастырылатындар арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Пара берген немесе коммерциялық сатып алу жасаған азамат, жауапкершіліктен босатылу мүмкін, егер:
- қорқытып алу фактілері дәлелденсе;
- азамат өз еркімен құқық қорғау органдарына жасаған ісін хабарласа. Параны қорқытып алу немесе коммерциялық сатып алу жалған сөз жеткiзу Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексімен қарастырылып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Пара алу тікелей немесе жанама түрде («егер сұрақ біздің пайдамызға шешілсе, онда …… аласыз») ұсынылуы мүмкін. Пара ұсынудың кейбір жанама белгілері:
1. Пара алу мүмкіндігі туралы әңгіме астарлы сипатта, пара берушінің сөзі даулы мәселенің оңтайлы шешімі кезінде ол оған ақша беретіні немесе қаңдай да бір қызмет көрсетіні туралы ашық мәлімдемесі жоқ қысқа сөйлемдерден тұрады; ешқандай «қауіпті» сөздер бұл ретте қолданылмайды.
2. Әңгімелесу барысында пара беруші куәгерлердің немесе аудионың, бейне техниканың бар болуы кезінде осы мәселені басқа жағдайда (басқа уақытта, басқа жерде) шешу мүмкіндігін талқылауға дайын екендігін дене қимылымен немесе ымдауымен көрсетеді.
3. Пара алу сомасы немесе сипаты дыбысталмайды; сонымен қатар тиісті сандар қағаз парағында жазылуы, калькуляторда немесе компьютерде теріліп әлеуетті пара алушыға көрсетілуі мүмкін.
4. Пара беруші кенеттен әңгімені тоқтатып, сонымен бірге материалдары, конверт, портфель, түйіншегі бар папканы қалдырып, орнынан бір сылтаумен кетіп қала алады.
5. Пара беруші мәселені шешуге тікелей қатысы жоқ басқа адамға байланысты жалғастыру үшін жолдай алады. Пара алуды ұсыну немесе қорқытып алу жағдайында Сіздің әрекетіңіз – пара беруші (пара алуды қорқытып алушы) пара алуды қабылауға (беруге) дайындық, не болмаса пара алудан (беруден) бас тарту деп түсінетін асығыс пікір айтуға жол берместен, жағымпазданусыз, сыпайы, өте абай болу керек; – Сізге ұсынылған шартты мұқият тыңдап, нақты есте сақтау (соманың мөлшері, тауарлардың атауы және қызметтің сипаты, пара берудің мерзімі мен тәсілі, коммерциялық пара сатып алудың нысаны, мәселерді шешу реттілігі); – келесі әңгімелесуге дейін уақыт және параны беру орны туралы мәселені ауыстыруға тырысу және келесі кездесу үшін Сізге жақсы таныс жерді ұсыну;
6 – сөйлесуде өзінізге басымдылық алмаңыз, көбінесе «қабылдауға жұмыс істеңіз», әлеуетті пара алушыға (пара берушіге) Сізге көбірек ақпарат беруге мүмкіндік беріңіз; – Сізде диктофон бар болған жағдайда пара алу немесе оны қорқытып алу туралы ұсынысты жазып алуға (жасырын) тырысу қажет. Пара алуды ұсыну немесе қорқытып алу фактісі жасалғаннан кейін Сізге бірден қандай әрекет жасаған дұрыс?
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы уәкілетті органға осы факт туралы хабарлау.
2. Сіздің жұмыс орныныз немесе олардың жоғарғы органдары бойынша құқыққорғау органдарының біріне дайындалып жатқан қылмыс туралы ауызша не болмаса жазбаша хабарламамен жүгіну. Жергілікті билік органдары (әкім аппараты), құқық қорғау органдарының өкілдері немесе өзге мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері тарапынан пара алуды ұсыну немесе қорқытып алу жағдайында Сіз олардың қызметкерлерімен жасалатын қылмысты бұлтартпау мәселелерімен айналысатын осы органдардың қауіпсіздік бөлімшелеріне тікелей жүгінуіңізге болады.
3. Сіз жүгінген құқық қорғау органы басшысының қабылдауына Сізге ұсынылған пара алу немесе оны қорқытып алу туралы хабарламамен бару.
4. Сізге пара алу немесе оны қорқытып алу бойынша ұсыныс беру фактісі туралы төмендегілерді нақты көрсетіп өтініш жазу: лауазымдық тұлғалардан кім (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, мекемесі) Сізге пара алуды немесе оны қорқытып алуды ұсынады; ұсынылатын немесе қорқытып алынатын пара алудың сомасы мен сипаты қаңдай;
Сізге нақты қаңдай әрекеттер (немесе әрекетсіздіктер) үшін пара алуды немесе оны қорқытып алуды ұсынады;
- қай уақытта, қай жерде және қаңдай үлгіде тікелей пара беру керек;
- бұдан әрі құқық қорғау органдарының нұсқауларына сәйкес әрекет ету;
- белгіленген тәртіпте жолдау.


Бұны білу маңызды! Қылмыс туралы ауызша хабарламалар мен жазбаша өтініштер тәулік бойы құқық қорғау органдарында қылмыс жасау жеріне және уақытына тәуелді емес қабылданады. Сіз хабарламаны қабылдаған қызметкер және оның қолы, тіркеу нөмірі, құқық қорғау органының атауы, мекенжайы және телефоны, хабарламаны қабылдау күні туралы мәлімет көрсетілетін талон-хабарламаны немесе құқық қорғау органында оны тіркеу туралы белгісі бар өз өтінішіңіздің көшірмесін алуға құқылысыз. Сізден алынған хабарлама (өтініш) құқық қорғау органында шұғыл тіркелуі тиіс және Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес процессуалдық әрекеттерді жүзеге асыру үшін жоғары басшыға жеткізіледі. Сіздің өтінішіңізді орындаумен айналысу тапсырылған құқық қорғау органында Сіз қабылданатын шаралардың сипатын анықтауға және Сіздің құқығыңыз бен заңды мүдделеріңізге қатысты мәселелер бойынша аса толық ақпарат алу үшін тиісті бөлімшенің басшысын Сізді қабылдауды талап етуге құқылысыз.
Пара беру туралы Сіздің хабарламаңызды (өтінішіңізді) қабылдаудан бас тартқан жағдайда Сіз жоғарғы инстанциялардың заңсыз әрекеттеріне шағымдануға, сонымен қатар құқық қорғау органдарының қызметін прокурорлық қадағалауды жүзеге асыратын жоғарғы органына құқық қорғау қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне шағым беруге құқылысыз. Ынталандыру түрлері... Қазақстан Республикасының Үкіметі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларын бекітті (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1131 қаулысы). Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы түрінде жүзеге асырылатын көтермелеу белгіленеді.


Біржолғы ақшалай сыйақы түріндегі көтермелеу мынадай мөлшерде белгіленеді:
1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша - 30 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК);
2) онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша — 40 АЕК;
3) ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша — 50 АЕК;
4) ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша - 70 АЕК;
5) аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша - 100 АЕК.


Осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген жағдайларда, грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялау түріндегі көтермелеулер белгіленуі мүмкін. Ынталандыруды қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдемдесу:
1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі туралы хабарлауды;
2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беруді;
3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу үшін кейіннен маңызы болған өзге де жәрдем беруді қамтиды.

Көтермелеу адам берген ақпарат шындыққа сәйкес болса және айыпты адамға қатысты:
1) әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы заңды күшіне енген;
2) айыптау үкімі заңды күшіне енген;
3) ақталмайтын негіздер бойынша істі қысқарту туралы қаулы шығарылған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

Адамды көтермелеу туралы материалдар көтермелеуге құқығы пайда болған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қалыптастырылады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне жіберіледі және мынадай:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын органның өтініші;
2) ақпаратты есепке алу кітабында, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі жөніндегі адамның өтініші туралы арыздың, сондай-ақ ақпараттың көшірмесі немесе адамның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге жәрдем бергенін растайтын өзге де құжаттар;
3) әкімшілік құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттаманың немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау туралы қаулының көшірмесі;
4) заңды күшіне енген әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысының көшірмесі;
5) сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасының, заңды күшіне енген айыптау үкімінің не ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту туралы қаулының көшірмесі қамтылуы тиіс.
6) біржолғы ақшалай сыйақыны төлеу үшін адамның жеке басын куәландыратын құжаттың және жеке немесе өзге шоттың банктік деректемелерінің көшірмелерін қамтиды.
Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген материалдар келіп түскеннен кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы бес жұмыс күні ішінде адамға біржолғы ақшалай сыйақыны төлеу үшін негіз болып табылатын көтермелеу туралы бұйрықты шығарады. Біржолғы ақшалай сыйақыны төлеу көтермелеу туралы бұйрық шыққан күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде адамның жеке немесе өзге шотына аудару арқылы жүргізіледі. Біржолғы ақшалай сыйақыны төлеуден бас тартқан жағдайда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де түрде жәрдемдесетін адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын органға тиісті өтініш береді. Бұл ретте жедел-тергеу бөлімшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының алдында адамды грамотамен марапаттау немесе оған алғыс жариялау туралы өтініш жасауы мүмкін.