Новости

ӨНДІРІСТІК - ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ



Өндірістік тәжірибе – шығармашылық тәжірибенің мақсаты: студенттердің практикалық қызметте кәсіби даярлығының сапасын арттыруды қамтамасыз ету. Өндірістік тәжерибенің мақсаты білім алушыларын интерьер дизайны және графикалық дизайнға көркем - жобалық даярлау, фирмалардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың, көркемдік - дизайнерлік бейіннің (мысалы, дизайн-салондардың, жобалау шеберханаларының, зертханалардың, дизайн студияларының және т.б.) негізінде нақты өндірістік процесс жағдайында дизайн объектілерін жобалау, макеттеу және модельдеу технологияларын студенттердің игеруі болып табылады.


Өндірістік тәжірибені студенттер дизайн саласымен байланысты өндірістерде кәсіпорын жетекшісінің жетекшілігімен өтеді: жиһаз шеберханалары, дизайн-студиялар, полиграфиялық фирмалар, құрылыс ұйымдары, әрлеу материалдарының салондары, көркемөнер шеберханалары және т. б.