Жаңалықтар

Шығармашылық кеш



16 ақпанда Орталық қалалық кітапхананың оқу залында журналист, жазушы, Павлодар қаласының Құрметті азаматы Юрий Дмитриевич Поминовтың туғанына 70 жыл толуына арналған «Жай ғана өмір» шығармашылық кеші өтті.

Юрий Дмитриевич Павлодар облысының журналистикасын дамытуға үлкен үлес қосты. 1977 жылдан Павлодар облыстық «Звезда Прииртышья» газетінде жұмыс істеді. Алдымен корреспондент, редактордың орынбасары, содан кейін 23 жыл бойы бас редактор болып Қазақстан журналистерінің өңірлік Одағын басқарды.