Жаңалықтар

Көркемсурет мұражайына саяхат



28.02.2023 екінші курс білім алушылары Н. Нурмухамедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет мұражайында суретші - педагог Наталия Решетованың «Түс поэзиясы» көрмесіне қатысты. Наталья Решетова - кескіндеме, сәндік - қолданбалы өнер мен композицияны оқыту әдістемесін меңгерген, кәсіби дайындықтың жоғары деңгейі бар жетекші педагог. Облыстық «Менің Қазақстаным» бейнелеу өнері оқытушыларының шығармашылық байқауының жеңімпазы.