Жаңалықтар

Алғыс айту күні



01 наурыз күні Павлодар көркемсурет колледжінде Алғыс айту күніне арналған акция өтті. Қазақстанда Алғыс айту күні 1 наурызда атап өтіледі, 01.03.1995 ж. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды, ол біздің еліміздің барлық халықтары мен ұлттарының бірлестігіне айналды. Мерекенің ерекше мәні мен терең символикасы өзара көмек пен халқымыздың мызғымас бірлігінің берік дәстүрлерін бейнелейді.