17 наурызда «Оқырман колледжі» тұжырымдамасын іске асыру аясында Павлодар көркемсурет колледжінің кітапханасы «Куратор не оқиды?» тақырыбында акция өткізді. Колледж кітапханашысы мамандыққа көмектесетін кітапхана мен оқу құралдарының мерзімді басылымдарының рөлі мен маңыздылығы туралы айтып берді. Акцияға арнайы және кәсіптік пәндер оқытушылары қатысты. Акцияның мақсаты: білім алушылардың назарын топ кураторы ұсынған кітаптарды оқуға аудару.