Жаңалықтар

Ұлттық челлендж




17 наурызда Павлодар көркемсурет колледжінде «Наурыз мейрамы» мерекесіне арналған Ұлттық челлендж өтті. Іс – шара өскелең ұрпақтың бойында рухани - адамгершілік мәдениет пен патриоттық сезімдерді тәрбиелеуге, елдің мәдени мұрасын сақтауға, балалар арасында домбыра ойынын насихаттауға бағытталған.

17 наурызда колледжде Наурыз мерекесіне арналған іс-шара өтті. Оған колледждің білім алушылары мен оқытушылары қатысты. Мереке мәдениетке қол тигізуге, қуаныш, жақсылық, бейбітшілік пен өркендеу сезімін сезінуге мүмкіндік берді.

Наурыз мейрамы - көктемгі жаңару мерекесі, көктемгі күн мен түннің теңелу күнімен тұспа-тұс келетін жаңа жылдың басы, бұл махаббат, құнарлылық және достық салтанатының мерекесі.