Жаңалықтар

Дизайн онкүндігі



Дизайн онкүндігі аясында оқытушы Асылгазина Зура Мейрамовна 34 ГД, 21 ГД топтарының білім алушыларына «Майлы кескіндеме техникасындағы пейзаждың жылдам зерттеуі» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Білім алушылар пейзаж бойынша жұмыстың негізгі принциптерімен, 20-30 минут ішінде пейзаждың жылдам зерттеуін жасаумен танысты. Кейбір қатысушылар кенептерін әкеліп, павлодар пейзажын салуға тырысты.