05 қазанда Студенттік парламент колледжде дәстүрлі өзін-өзі басқару күнін өткізді. Өзін-өзі басқару күні Мұғалімдер күніне орайластырылған және колледжде төртінші курс білім алушылары оқу сабақтары мен сыныптан тыс жұмыстарды өткізетін оқу күні болды. Колледждің барлық білім алушылары сол күні колледж директорының бұйрығымен бекітілген оқу кестесі бойынша оқыды. Бұл күнді дайындау мен өткізуге балалар бар жауапкершілікпен қарады.